Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат: «Мал ұстайтындарға жер жетпей жатыр»

28.12.2022, 17:30 158

Депутат Берік Дүйсембинов Мәжілісте 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды.

Оның айтуынша, жер қайтарылмаған, ауыл шаруашылығымен айналысатын  халық әлі жерге зәру. Жердің бәрі әкімдердің иелігінде.

«Жердің иелерін шығарып, тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменде жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодар Бақауовтікі, Астана маңайы Шөкеевтікі. Сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халық наразы болып отыр. Мал ұстайтындарға жер жетпей жатыр. Осыны қашан қолға аласыздар?», — деді Дүйсенбинов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: