Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәурен Абаев облыс тұрғындарымен кездеседі

20.09.2022, 15:35 205

HALYQLINE.KZ

21 қыркүйекте Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қызылорда облысы тұрғындарымен кездеседі. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдеріне брифинг жоспарланған.

Кездесу барысында өңір халқы сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізе алады немесе D.aldabergenova@msm.gov.kz электронды поштасына алдын-ала жолдауға болады.

Азаматтарды жеке қабылдау бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына номерге хабарласыңыздар: +7 705 257 47 87 (Лаура Елеусінова, ҚР МСМ қызметкері).

БАҚ өкілдері де халықпен кездесуге қатыса алады, одан кейін брифинг өтеді. БАҚ аккредиттеу мәселесі бойынша қосымша ақпарат алу үшін ҚР МСМ БАҚ өзара іс-қимыл департаментінің директоры Гаухар Омарбекпен +77019145588 номері арқылы байланыссаңыздар болады.

Өтетін орны: Қызылорда облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапхана, (Н.Назарбаев даңғылы, 82)

Уақыты: 10:30-да.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: