Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәулет Мұқаев салыққа қатысты сынға жауап берді

29.03.2023, 11:15 234

HALYQLINE.KZ Депутат Дәулет Мұқаев салық төлеуге қатысты арнайы заң қабылдауға қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы отырысының кулуарында айтты. 

Оның барлығында ашықтық болуы керек. Салыққа қатысты кейбір ақпарат желісінде мені салық төлемеген деп те көрсетіп жатыр. Ол жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бірнеше бағыт-бағдар бар. Жеке кәсіпкер ретінде, ЖШС ретінде тіркелгендердің барлығы салық төлеп жатыр, – деді ол.

Сөзінше, жалпы мемлекеттік бюджетке түсім әкелетін – ол ашық салық саясаты. 

Бізде 17 трлн теңге бір жылдық бюджет болса, 20 трлн шығын болып отыр. Яғни, бюджетте тапшылық байқалады, – деді депутат. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: