Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәуімбай елді мекеніне ойын алаңы салынады

09.09.2022, 12:05 309

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарлары Арнұр Нұрмағанбетов, Жасұлан Еспенбет және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Қайрат Жапбасбаев Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекенінде демеушілер есебінен салынуы жоспарланған балалар ойын алаңдарына белгіленген жер телімдерін нақтылап, сол аймақтың тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, жұмыс барысында кент орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын күшейту, кемшіліктерге қатысты ескертпелерін беріп, шаралар қабылдауды тапсырды. Кешен құрылысына республикалық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 271,8 млн теңге, 2022 жылы 199,0 млн теңге, барлығы 471,6 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме – «SCS Инжиниринг» ЖШС. Аталған нысандар ағымдағы жылдың аяғына дейін толық пайдалуға берілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: