Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дәстүрлі зерттеу әдістері және Scopus базасы» тақырыбында семинар өтті

22.12.2022, 12:15 776

HALYQLINE.KZ Кез келген ғылымдағы зерттеулер теориялық және қолданбалы әдістерге сүйенеді. Ғылыми теория эмпирикалық деректерді түсіндіру қажеттілігінен туындайды және тәжірибемен тексерілетіндігі анық. Ғылымдағы тәжірибелік міндеттерді шешу үшін көптеген талдау әдістерін қолдану қажет.

Сондықтан зерттеулердің негізгі әдістерін анықтау мақсатында «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты «Дәстүрлі зерттеу әдістері және Scopus базасы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысы барысында ғылыми мақалалар құрылымы мен ғылыми сараптама әдістерінің негізгі басымдықтарына мән берілді. Ғылыми мақалалар жазу барысындағы IMRAD жүйесіне толықтай түсіндірме берілді. Ғылыми зерттеулердің жиынтықталған әдіснама моделі негізінде басты талдау әдістері көрсетілді. Семинар жұмысы барысында форсайт технологиялардың кейбір элементтері пайдаланылды. Семинар жұмысының соңында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.  

Семинар жұмысына «Болашақ» универитетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов жүргізді.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: