Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлық хабар таратуға көшу – заман талабы

19.08.2022, 17:45 293

2022 жылдың 31 тамызынан бастап Қызылорда облыстарында ішінара цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңімен көшуі жоспарлануда. Енді сүйікті бағдарламаларыңызды жақсартылған сапада көру бұрынғыдан да қолжетімді бола түспек. Цифрлық хабар тарату – бұл жоғары сигнал тарату жылдамдығы бар жаңа буын телевизиясы. Ол көбірек мүмкіндіктер мен қызметтер: қосымша арналар, сурет пен дыбыстың ең жақсы сапасы, мультимедиялық қосымшалар, радио, түймені бір басумен экранға шығарылатын электронды бағдарламалар, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңа енгізілімдер ұсынады.

«Аналогтан» айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және телекөрермендерге шу мен бұрмалаусыз, тіпті ең шалғай елді мекендерде де бастапқы түрінде беріледі. Цифрлық телевизияға көшкеннен кейін көрермендер іркілістер және сурет пен дыбыстың нашар сапасы туралы ұмытады. ЦЭТХТ-ға көшу телевизияда ашылған жаңа бағыт.

Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендерде аналогты форматтағы 2-3 телеарнаның орнына цифрлық форматта 15 телеарнаға дейін көп телеарналар қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, оларды тарату үшін электр энергиясын тұтынуды едәуір азайтады. Облыс орталықтарында көрермендерге 30-ға жуық арна қолжетімді болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: