Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Браконьер құрықталды

18.04.2022, 17:00 164

HALYQLINE.KZ  Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Арал-Сырдария облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті атқарушы органы және жергілікті полиция қызметі Арал теңізі мен облыстың су айдындарында заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.

Нәтижесінде, 16.04.2022ж. Арал ауданының «Қарашалан-Бөген» автожолында «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында «Шөмішкөл» елді мекенінің тұрғыны Т. тиісті құжаттарынсыз, жалпы салмағы 1261 кг құрайтын «Тыран» балығын тасымалдағаны анықталды.

Браконьердің заңсыз әрекетінен мемлекетке 2 317 466 теңге залал келді. Қазіргі таңда азамат Т. тиісті жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: