Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Blockchain клиенттер үшін қағазбастылықты азайтып, уақыт үнемдейді

13.03.2024, 15:00 93

Мемлекеттік корпорация Blockchain арқылы клинеттерге қолайлы жағдай жасайды. Бұл ең алдымен уақытты үнемдеп, қағазбастылықтан арылтады.

Қаржы институттарының ұсынысы бойынша Мемлекеттік корпорация 2021 жылдың қарашасынан бастап Blockchain технологиясын пайдалана отырып, жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды (кепіл), тоқтату/қайта кепілді тіркеу бөлігінде бұл жүйені сәтті енгізді.

Қазіргі уақытта «Отбасы Банкі» АҚ, «Халық банкі» АҚ және «Фридом Финанс Қазақстан» АҚ блокчейн жобасына қосылған.

Blockchain технологиясын қолданудың тұрғындар үшін бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, ол үшінші тараптың қатысуынсыз екіжақты қауіпсіз мәмілелерді жүзеге асыруға кепілдік болады және несиелерді онлайн өңдеу, шығындарды азайту және беру уақытын қысқарту тұрғысынан жылжымайтын мүлік кепілімен банктердің несие беруін жеңілдетеді.

Біздің жағдайда кепілді тіркеу, қайта кепіл, кепілді қайтарып алу, сатып алу-сату шарттарын тіркеу түрлері бойынша процесті «цифрландыру» іске қосылды, бұл тіркеу уақытын 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді (шұғыл түрде 5 минутқа дейін). Құжаттар топтамасы 4-тен 1 құжатқа дейін азайтады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысты болдыртпайды. Кепіл берушілерді Кепіл ұстаушының сенімхатын нотариалды куәландыруға мәжбүрлемейді, Көп жағдайда қызмет алушылар тарапынан осы сенімхаттарды куәләндіру мәселері бойынша шағымдар жиі түсетінін ескеру керек.
Биыл Blockchain технологиясы арқылы филиалға банк тарапынан небәрі 291 өтінім жолданды. («Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ – 49, «Отбасы банкі» АҚ – 291). Бұл – күн сайын Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (ENIS) арқылы келетін барлық қызметтердің аз бөлігі.

Қағазбастылық пен тұрғындардың арыз-шағымдарын болдырмау мақсатында Blockchain технологиясын пайдалану тиімді әрі қолжетімді сервис.

Себебі кез келген қызмет алушы банк тарапынан Блокчейн арқылы өтініштерді жолдай алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: