Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бізде қанша бүйрек бар?»

06.05.2023, 11:00 341

HALYQLINE.KZ

Медицина университетінің профессоры бір студенттен былай деп сұрапты:

«Бізде қанша бүйрек бар?»

«Төрт», – деп жауап беріпті студент…

«Төрт?» – деп профессор мазақ қылған үнмен қайталайды да:

«Маған бір бума шөп әкеліп берші, мұнда бір есек бар екен», – деп көмекшісіне айғайлаған кезде студент те қосарланып оның көмекшісіне:

«Ал маған бір кесе кофе әкеліңіз», – деп айғайлапты…

Профессордың ашуланғаны соншалық, студентті кабинеттен қуып шығарады…

Кабинеттен шығып бара жатып, студент:

«Бізде қанша бүйрек бар деп сұрадыңыз. Көпше түрінде… сізде екеу, менде екеу. Ендеше жайылымыңызда жақсы жайыла беріңіз», – деп айтыпты…

Бұл студент медицина университетінен қуылып, соңында өте атақты сатирик жазушы болған Бразилия азаматы Апарисио Торелли (1895-1971) болатын…

Өмір бізден білімнен гөрі түсінікті көбірек қажет етеді…

Кейде сәл ғана білімді, немесе көбірек «білімді» екеніне «сенетін» адамдар өздерін басқаларды қорлауға құқылы сияқты сезініп қатты қателесіп жатады…

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: