Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл Қызылордада «Үздік аула» байқауы өтеді

05.07.2022, 10:20 268

HALYQLINE.KZ Қызылордадағы көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында «Үздік аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау бесінші мәрте өткізілуде.

Байқау шарты бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласына жасыл-желекті  өз еңбегімен еккен кез келген тұрғын қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2022 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, өз парақшасында суреттерді жариялау қажет.

Байқауға материалдар 4 шілде мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Жеңімпаз аулалар комиссия шешімен анықталады.

І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: