Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірнеше өңірде тамыздың тас қайнатар ыстығы болады

31.08.2022, 9:10 262

HALYQLINE.KZ Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 36 градус аптап ыстық болады.

31 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз-2 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде және Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус аптап ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні – 15-20 м/с.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: