Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір, екі, үш баласы бар отбасыларға жәрдемақы берілуі мүмкін

30.01.2020, 17:03 1226

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстанда бір-үш бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған жеңілдіктердің енгізілуі мүмкін екендігі туралы айтты.

Халық бізге осындай сұрақтар қояды. Біз 372 мың көпбалалы отбасыға жаңа жәрдемақыны енгіздік. Бірден үш баласы бар отбасылар да оларға осындай жәрдемақы тағайындау туралы мәселені көтеруде. Министрлік ішінде әртүрлі тәсілдерді қарастырып жатырмыз. Қаржылық есептеулер жүргізілуде, бірақ бұл мәселе бюджеттік мүмкіндіктерге байланысты, – деді мәжілісмендермен кездесуінде.

Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі көпбалалы отбасылардың 125 мыңы – аз қамтамасыз етілгендер. Сонымен қатар, бір-үш баласы бар тұрмысы төмен отбасылар шамамен 190 мыңды құрайды. Әрине, көмекке зәрулері.

 – Қазақстанда бір-үш баласы бар 2,4 миллион отбасы бар. Бұл үшін 15 есе көп ақша қажет болады. Сондай-ақ, маңызды сұрақ: дәулетті отбасыларға осы жеңілдіктерді төлеу керек пе? Осы мәселелерді қарастырып жатырмыз, – деді Үкіметбасының орынбасары.

Бірақ, қашаннан басталатыны белгісіз.

Пікірлер:
  • Ақшалары жетеді мемлекеттің бароық балаға. Өтірік көлгірсімейяқ қойсын. Көрші ел россия,түркия президентінен үлгі алса деймін біздің мемлекет. Қанша млрд ақша керек емес нәрселерге аударылады. Ескерткішке, қаланы көркейтуге т. Б айтып тауыса алмайсың. Тек өз қалталарына басуды ғана біледі. Бір бала, екі бала, уш балаға да берілу керек пасобия.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: