Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір-бірімізге шынайы құрметімізді көрсетудің маңызы зор

01.03.2022, 10:15 357

HALYQLINE.KZ Қадірлі сырбойылықтар!

Бүгін – Алғыс айту күні!

Бұл күннің мағынасы бөлек демей, бір-бірімізге шынайы құрметімізді көрсетіп, ризашылығымызды білдірудің маңызы зор.

Ел басына түскен сындарлы сәттерде, өңірімізде орын алған күрделі жағдайларда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршіліктің үлкен үлгісін көрсеткен, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып жүрген Сыр елінің барша азаматтарына риясыз алғысымды айтамын!

Туған елімізді, жерімізді түлету жолындағы еселі еңбектеріңізге толайым табыс, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке амандық тілеймін!

Аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: