Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бетперде көмектеспейді…»

23.07.2020, 11:40 427

HALYQLINE.KZ  Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзу бойынша күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырма берді.

 – Біз қоғамның сана-сезімі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізде әлі күнге дейін «бетперде көмектеспейді, кимесе де болады, пайдасы жоқ» деп ойлайтындар бар. Адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады. Вируспен күрес барлық қазақстандықты біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек, – деді вице-премьер.

«COVID-19» жұқтырудың тәуліктік өсімі 2,3 процентке дейін төмендеді. Отырыс барысында денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шаралар қабылдаудың арқасында бірқатар оң нәтижеге қол жеткізілгенін мәлімдеді:

 – «COVID-19» жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді;

 – сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;

 – жедел жәрдем шақыру саны 31%-ға, оның ішінде «COVID» бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;

 – реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: