Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Берік отбасы – есірткіден алыс!» байқауының жеңімпаздары анықталды (Видео)

28.02.2022, 12:45 638

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен отбасылар арасында «Берік отбасы – есірткіден алыс!» тақырыбында онлайн форматта ұйымдастырылған байқауының нәтижелері шығарылды.

Байқаудың мақсаты: отбасы институтын нығайту, психикалық белсенді заттардың таралуы мен қолданылуына теріс қатынасты тәрбиелеу және дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын, өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру, есірткіні қабылдамау, белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге уәждемені дамытуға негізделген алдын алу жұмыстарын жетілдіру болып табылды.

Отбасылар берілген тақырып бойынша отбасы атынан бейне үндеу әзірлеп, онда: нашақорлық проблемасына, тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар, салауатты өмір салтын ұстану мен насихаттау және заңға бағыну туралы көрсетті. Сонымен қатар, сайыскер-отбасы өзінің үндеуін БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялады. Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылардың жұмыстарын Қызылорда қаласы және аудандардың білім бөлімдерінің өкілдері қарады. Үздік деп танылған жұмыстар байқаудың екінші кезеңіне қатысу үшін Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жолданды. Байқаудың екінші кезеңіне 27 отбасы қатысты. Ұсынылған жұмыстарды бағалауға облыстың белгілі журналистері мен ҮЕҰ өкілдері тартылды. 

Жарияланымдар бірнеше критерийлер бойынша бағаланды: жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнды ашудың дәлелділігі мен тереңдігі, тілдің және баяндау стилінің дәлдігі мен анықтығы, авторлық пікір, идея, өзіндік ерекшелігі, ойлау икемділігі, сондай-ақ осы ақпаратты БАҚ мен әлеуметтік желілер арқылы тарату. Байқау қорытындысы бойынша 2 сайыскер-отбасы ынталық танытқан деп танылса, 22 отбасы аймақтық жеңімпаз деп аталды. Облыстық жеңімпаздар: 1 орын – Ерболатовтар отбасы (Қармақшы ауданы), 2 орын – Iскендiровтер отбасы (Қызылорда қаласы), 3 орын – Кеңесбековтер отбасы (Қызылорда қаласы). Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: