Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысы сапаға жұмыс істеуді тапсырды

18.10.2022, 16:45 297

HALYQLINE.KZ Облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет қаладағы білім беру мекемелерін аралады. Басқарма басшысы алдымен Шанхай мөлтек ауданындағы №253 мектепке барды. Білім ордасының санитарлық тазалық, көркейту, абаттандыру жұмыстары көңіл көншітпейді. Мейрамбек Зинабдинұлы мектеп басшылығына қатаң ескерту жасап, аталған мәселелерді тез арада ретке келтіруді тапсырды.

Қаланың қақ ортасында орналасқан №12 мектептің де сыртқы көркейту-көгалдандыру жұмыстары мәз емес. Айналасын шөп басқан. Басқарма басшысы маусымдық жұмыстарды тұрақты түрде назарда ұстау керектігін айтып, ескерту жасады.

№233 мектепте де жағдай сондай. Аулаға кіре-беріс тұсы мүлдем жөндеу көрмеген. Білім ордасының жәй-күйімен танысқан басқарма басшысы анықталған кемшіліктер бойынша сапалы жұмыс істеуін талап етті. Сондай-ақ оқу-тәрбие процесі, мектепке балаларды тарту бойынша тапсырма берді.

Мейрамбек Зинабдинұлы білім ордаларының материалдық-техникалық базасын көріп, пән кабинеттерді аралады. Мектеп әжетханаларының жағдайына дейін көрді. Сонымен қатар, кейбір мектептердің кітапханалары электрондық жүйеге көшірілмегенін айтып, оның орындалуы бойынша тапсырма берді. Мектеп асханаларының жұмысымен де танысып, тағамның сапасы мен бағасына ескерту жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: