Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек

26.08.2022, 16:00 519

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нұржан Сәбитұлының төрағалығымен жаңа оқу жылына дайындық барысы қайта пысықталып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жиналыс өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары мен аудан әкімінің аппарат басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы Д.Беркімбаев, аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әмзеев және барлық мектеп директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әмзеев, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары полиция полковнигі Е.Жаукеев жаңа оқу жылына дайындық барысымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейнебақылау камераларының талапқа сай жұмыс жасау барысы туралы хабарлама жасады.

Аудан әкімі Н.Ахатов жаңа оқу жылында балаларымыздың сапалы білім алып, заңдылықтарға сәйкес білім алу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруды айтты. Сонымен бірге, қысқа мерзім ішінде аудан көлеміндегі барлық 40 білім беру ұйымдарындағы және Шиелі индустриалды агротехникалық колледжіндегі бейнебақылау камераларын аудандық полиция бөліміне қосуды және білім нысандарындағы интернет байланысының сапасын арттырып, пайдалану көлемін көбейтуді, мектептерді жеке күзет қызметімен қамтамасыз етуді, дабыл батырмасымен, турникеттермен жабдықтау мәселелері бойынша тапсырды.

Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аманға 1 қыркүйекке дейін кент және ауылдық округтер бойынша білім ошақтарының айналасына қажетті жол белгілерін орнату мен жаяу жүргінші сызбаларын сызу басқа да қауіпсіздік шараларының алдын алу бағытында кешенді жұмыстарды жүргізуді айтты.

Бүгінгі таңда аудан бойынша жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 1 815 оқушы келеді деп күтілуде. 1-11-сынып аралығында 19120 бала білім алатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: