Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырлықтардың базынасын тыңдады

19.09.2022, 9:50 307

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнауы өкілі Қайрат Нұртай Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен Байқоңыр қаласының Мәдениет сарайында кездесу өткізді. Жиынға Байқоңыр қалалық әкімшілігінің басшысы және қала әкімшілігінің лауазымды тұлғалары, екі тараптан құқық қорғау органдарының басшылары, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес басқарма мен жергілікті мекеме басшылары қатысты.

Қайрат Ырзақұлұлы баяндамасында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, жолдауда белгіленген тапсырмаларды бірлесе отырып орындауға шақырды.

Сонымен қатар, өз баяндамасында бүгінгі күнге дейін қазақстандық тараппен атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлармен таныстырды. Бұдан бөлек, Қайрат Ырзақұлұлы баяндамасында білім, медицина, әлеуметтік сала және жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына және «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тапсырмаларының орындалуына тоқталып өтті.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан медициналық сақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім саласы бойынша сұрақтар қойылып, арнаулы өкіл мен қала әкімшілігінің басшысымен жауаптар берілді.

Жалпы, 2019 жылдан бері өткізіліп отырған кездесу толықтай мемлекеттік тілде өткізілді. Ал, ресейлік тарапқа ілеспе аударма қызметі ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: