Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырдың жылу электр орталығына пилотсыз ұшқыш аппараты құлады

22.06.2023, 15:45 141

HALYQLINE.KZ

«Байқоңырэнерго» қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері кеше белгісіз квадрокоптерді тапқан. Пилотсыз ұшқыш аппараты кәсіпорынның бақылау-өткізу бекеттерінің бірінің жанында жерде жатқан, ол аумаққа ұшпаған. Корпус маңында ешқандай белгілер болған жоқ. Алғашқы сараптама кезінде жарылғыш зат табылмаған.

Мекемедегі адамдар мен мүліктерге залал келтірілмеген. Коптерді мамандар зерттеуге алып кетті. Қазір тергеушілер оның кімге тиесілі екенін анықтауда.

Жалпы, Байқоңыр ЖЭО (жылу электр орталығы) – Қазақстанның Байқоңыр қаласындағы электр станциясы, ресейлік «Байқоңырэнерго» өндірістік-энергетиалық бірлестігіне тиесілі. Бұл станция ғарыш айлағы мен жергілікті азот-оттегі зауытын қоса алғанда, бүкіл қаланы энергиямен қамтамасыз етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: