Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқауда үздік атанғандар марапатталды

13.10.2023, 15:15 209

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ ұйытқысымен журналистер мен блогерлер арасында Қызылорда облысындағы жолдардың жай-күйі тақырыбында облыстық байқау өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған бәйгеге аймақ қаламгерлері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Талапкерлер өз жарияланымдарын жолдап, соның ішінен үздік деп танылғандар орталық атынан тағайындаған жүлделерге ие болды.

Жалпы байқауға 40-тан аса өтінім келіп түскен. Арнайы комиссия шешімімен «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік мақала», «Интернет БАҚ-дағы үздік жарияланым» және «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым» номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Марапаттау шарасына «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қоғаммен байланыс және баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Атамбай Елордадан арнайы Сыр өңіріне келіп, жол саласы тақырыбында қалам тербеп жүрген әріптестерге шынайы алғысын білдірді.

Атап айтатын болсақ, «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясын «Хабар» телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбеков, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожас «Үздік мақала», журналист-блогер Назерке Саниязова әлеуметтік желідегі үздік жарияланым бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, бірқатар әріптес орталық директорының арнайы сыйлығына ие болды.

«Жалпы бұл байқаудың мақсаты орталықтың жұмысын насихаттау емес. Еліміздің жол саласындағы мәселелерді телеарна, газет және әлеуметтік желіде тереңінен талдап, оны қоғамдық бақылау арқылы кемшілікті түзетуге БАҚ өкілдерінің де атсалысуы маңызды», – деді филиал директоры Ерболат Көштаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: