Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматтық қоғамды дамыту – басты міндет

25.08.2022, 15:30 258

HALYQLINE.KZ Бүгін аймағымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова облыстың үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен жүздесіп, азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы мақсат-міндеттер тұрғысында пікірлесті.

«Азаматтық қоғамды дамыту – басым бағыттардың бірі» тақырыбында өткен кездесудің модераторлары «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы Анар Ізден және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұсмағамбетов секция жұмысын жүргізсе, спикерлер ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын жетілдіру механизмдері, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, нәтижелерін бағалау қағидалары бойынша ой бөлісті.

Сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері тарапынан секция жұмыстары барысында азаматтық қоғамды дамытудың жаңа Тұжырымдамасының негізгі бағыттары, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы, қоғамдық бақылаудың тетіктері мен мүмкіндіктері, ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі, даму переспективалары сияқты мәселелер қозғалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: