Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АЗАМАТ-тан біліп ал!

08.12.2022, 9:20 142

Нидерланды және Голландия – бұл бір мемлекет. Әлі күнге дейін адамдарды шатастыру мақсатында жиі қойылатын сұрақ. Бүгінгі күні бұл мемлекет ең дамыған елдердің қатарына кіреді. Мұнда медиа және коммуникация қарқынды дамып келеді. Сол себепті жастардың осы елге қызығатыны да осы. Нидерланды прогрессивті заңдары бар либералды ел екенін білеміз. Сондықтан аға буын өкілдеріне һәм біздің менталитетке ерсі көрінетіні анық. Батыстың технологиялық жаңалығына,  жетістігіне ұмтылу – қажеттілік, ал одан бүгінгі күнде ізгілік, әдептілік, кісілік іздеу – бос әурешілік. Өйткені Батыс бұл жағынан азғындық жолда. Демек, жыл бойы дерлік жаңбыр жауатын, бірақ ешқашан қолшатыр пайдаланбайтын голландтардан керекті дүниемізді алған жөн. Кезінде Рембрандт Ван Райн немесе Винсент Ван Гог сияқты ұлы суретшілердің Отаны болған ел бүгінде білім беру сапасы жағынан да жоғары. Осында біздің қазақстандық студенттер де білім алуда. Мәселен, ең үздік гранттардың бірі жайында сөз өрбітейік.

Orange Tulip Scholarship – бұл мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдардың қолдауымен Нидерландының 20 университеті ұсынатын 80+ шәкіртақыны біріктіретін стипендиялық бағдарлама. Бұл   2015 жылдан бері жүзеге асып келеді. Оқу бағдарламаларының деңгейлері: ғылыми-зерттеу, магистратура мен бакалавриат. Мұнда мынадай мамандықтар қамтылған: экономика, коммуникация, халықаралық қаржы, бизнес, МВА, демалыс және туризм, өнер, құқық, медицина, математика, инженерия, көлік және логистика, т.т. Бағдарлама сіздің білім деңгейіңізге байланысты оқу ақысын толық немесе ішінара өтейді. Сондай-ақ стипендия, виза, медициналық сақтандырумен бірге кей шығындарды төлейді. Дедлайн уақыты көбіне 1 қарашадан басталады. Алайда тапсыратын университетке хат жолдап, анығын білу керек. Өйткені әр университеттің өз талабы, қабылдау уақыты өзгеше. Кейбір университеттер Orange Tulip Scholarship стипендиялық бағдарламасына қатыспайды, бірақ жеке шәкіртақыларын ұсынады. Сондықтан ізденсеңіз, бәрін табасыз. Бұл елде ақылы бөлімге түсетін болсаңыз, голланд тілін білген дұрыс. Әйтпесе тек ағылшын тілінде білім алғыңыз келсе, екі есе қымбатқа түсесіз. «Тіл білген тілегіне жетеді» деген – осы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: