Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі соғыс ардагерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады

29.12.2022, 11:45 448

HALYQLINE.KZ Аудан әкімі Нұржан Ахатов Шиелі ауданындағы соғыстың соңғы сардары Сәрсенбек Байжановты құқық қорғау органдарының басшылармен бірге Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мереке қарсаңында ғасыр жасаған ақсақалдың шаңырағына арнайы барған аудан әкімі майдангерлер қашанда құрметке лайық екенін, олардың ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының Жаңа жылдық құттықтауын табыс етті.

– Батыр әкелеріміз бен аналарымызға тиісті деңгейде құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Сіздер Отанымызға Жеңістің жалауын желбіретіп, бейбіт заманды келер ұрпаққа аманат еттіңіздер. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғандарыңыз үшін Сіздерге бас иеміз. Жаңа жылда өзіңізге және отбасыңызға бақыт пен шаттық тілеймін, – деді Нұржан Ахатов.

Айта кетейік, Сәрсенбек ақсақалдың отбасында 11 баласынан тараған 38 немере, 3 шөпшек өсіп жатыр. Мұнымен қоймай, Байжановтар отбасы қазан айында «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының жеңімпазы атанып, Астана қаласынан 1 млн теңге қаржылай сыйақы ұтып келген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: