Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімдері азаматтарды қабылдады

06.08.2022, 16:00 257

HALYQLINE.KZ Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда 5 тұрғынның мәселесі тыңдалды. Қабылдауда болған азаматтардың басым бөлігі жұмысқа орналасу, тұрғын үй, әлеуметтік көмек көрсету сынды өтініштерін жеткізді.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.Сонымен бірге, бірқатар мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.Айта кету керек, осы уақытқа дейін аудан басшысы 9 жеке қабылдау өткізіп, 50-ге жуық азаматтың мәселесін саралады.

Сондай-ақ, Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев та бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.Қабылдауда тұрақты жұмысқа орналасу, мәдениет саласын дамыту және тұрғын үй салу үшін жер алу мәселелері көтерілді.

Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім басшыларына мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: