Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Autonesie.kz сайтына бір минутта 125 мың адам кірген

06.02.2023, 11:55 299

HALYQLINE.KZ 4 пайыздық автонесие өтінімін қабылдауға арналған autonesie.kz сайтына бір минутта 125 мың адам кірген. «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Платформа іске қосылған алғашқы минуттың ішінде autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірді», – деп жазылған мәліметте.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдаудың алғашқы легінде 761 адам өтініш бере алатыны айтылған болатын.

«761 қазақстандық өз өтінімдерін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді. Өтінім қабылдау сағат 10.00-де басталса, алғашқы минуттың шішінде 125 мың адам кірді», – делінген баспасөз хабарламада.

«Autonesie.kz жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алма» жатты. Бұл сонымен қатар өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты», – деп жазылған ресми мәліметте.

Еске салсақ, жеңілдетілген несие бойынша көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді Autonesie.kz сайты арқылы қабылдау бүгін сағат 10.00-де басталған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: