Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астамшылық сөздің ақыры…

11.04.2024, 11:20 797

Ей, адамзат! Кезінде «Табиғаттың бермесін тартып аламыз, жоспардан тыс артық аламыз!» деп, ойламадың ба  сонда  шыдамын  сарқып аламыз  деп?!

Бүгінде  табиғаттың шамадан тыс тым «тосын  мінез»  танытып  тұрғаны неден екенін енді түсінген  боларсың?!  Болмаса, әлде…

«Адамға табын, жер, енді!» дедің-ау. Жерді жұлмалауға бейімдедің-ау… Жер адамға емес, адам жерге иіліп, оны барынша аялай білгенде ғана бүкіл тірлік пен тіршілік әлемінің асы­раушысы тек ЖЕР-АНА екені Аллаға да, адамға да аян емес пе еді? Сонда кім кімге, кім неге иілуі керек?!

Ауыр сөз айту АНАға,

Сыймайды тіпті санаға!

Жер-Анаға ешқандай,

Жаһанда жоқ балама!

Бауырында бар ауызбіршілік,

Тыңдаушым қалма түршігіп.

Он сегіз мың ғаламда,

Жерде ғой тек тіршілік…

Адамзат баласы мен күллі тіршілік иелеріне берерің мен жақсылығың шексіз, ЖЕР-АНА!

Төрткүл дүниеге тыныс-тіршілік сыйлаған теңдесі жоқ ТАБИҒАТ!

Адамзат баласының аңғармай айтқан ас­тамшылық ауыр сөзін кешірші! Дүлей дауыл, зілзала, өршіген өрт пен топан су сияқты тағы басқа  түрлі  апаттан  әлемді  сақташы!

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: