Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ардагерлер ұйымының алқа мәжіліс өтті

24.08.2022, 18:05 310

HALYQLINE.KZ Аймақтағы ардагерлер ұйымының жүйелік құрылымдарын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті алқа мәжілісі өтті. Жиынға Алқа мүшелері, тұрақты комиссия төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынға Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев модераторлық етті.

Алқа мәжілісінің күн тәртібінде ардагерлер ұйымдарының әртүрлі бағыттар бойынша атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері таныстырылды. Сондай-ақ, тұрақты комиссия мүшелері ардагерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғау, медициналық көмек көрсету, сауықтыру және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтса, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов аудандық деңгейде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар, ішкі құрылымды жетілдіру мақсатында облыстық форумды өткізу уақыты келісілді. Жиын соңында белсенді ардагерлерге қолдау көрсету мәселесі қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: