Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арамыздағы қаһарман құтқарушыларға алғыс

01.03.2023, 15:45 320

HALYQLINE.KZ Өткен жылы Өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшінің орынбасары Олжас Ахметов бастаған газ түтінінен қорғау буыны қызыл жалынға оранған пәтердің ішінде ес-түссіз жатқан 31 жастағы ер-азаматты құтқарды.

Оқиға орнына барған өрт сөндірушілердің барлау жұмыстары нәтижесінде үш бөлмелі пәтердің тұрмыстық заттары жанып жатқаны және пәтердің жатын бөлмесінде 1991 жылғы ер адамның ес-түссіз жатқаны белгілі болды. Өртті дер кезінде оқшаулау мақсатында қосымша көмек ретінде қажетті техника шақыртылды. Өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшінің орынбасары Олжас Ахметов бастаған газ түтінінен қорғау буыны жедел жәрдем жеткенше көмірқышқыл газына уланып, ес-түссіз жатқан 1991 жылғы туылған азаматты құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Төтенше жағдайлар кезінде ең алғаш болып көмекке келіп, адам өмірін арашалауды кәсібіне айналдырған құтқарушылар – батылдық, кәсіби шеберлік, мықты жүрек иелері. Халықтың алғысына бөлене беріңіздер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: