Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақжармада ақжолтай жаңалық бар

23.02.2023, 14:15 350

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Ақжарма ауылдық округінің әкімі Саттар Әбдіреев 2022 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.

  • 2022 жылы Баймұрат батыр ауылы мен Талдыарал елдімекенінде маусымдық аяқ су ұңғымасы қазылып, су насостары орнатылды. Тоғай көшесі жарықтандырылып, Баймұрат батыр ауылына электр желісі тартылуда. Сонымен қатар, елдімекенде 5 аялдама орнатылды. Ал, жаңадан берілген жерлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының жалғасы ретінде  электр желілерін тарту жұмыстары басталған болатын. Осы жұмыс толығымен аяқталса, Талдыарал елді мекені бойынша жаңадан берілген жерлер инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі, – деді ауылдық округ әкімі.

Ауылдық округті көгілдір отынмен қамту мақсатында биыл жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Талдыарал елдімекеніне тренажер жабдықтары мен футбол алаңын салуға,  ауыл көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға, 4 көшені жарықтандыруға, 21 көшеге тас жол және арықтарға лоток салу жұмыстарына жоба-сметалық құжаты дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастауға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Сонымен қатар, Баймұрат батыр ауылына дәрігерлік амбулатория салуға жоба-сметалық құжаты дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Ендігі ретте, облыстық экономикалық бюджетті жоспарлау бөліміне қаржының бөлінуіне бюджеттік өтінім жолданып, қазіргі таңда республикалық бюджетте қаралуда.

Айта кетерлігі, өткен жылы ауылдық округте 12 адам өз кәсібін ашып, кәсіпкерлік нысандар саны 134-ке артты.  Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында   ауыл тұрғындарының 103,2 млн. теңгені құрайтын 8 жобасы қаржыландырылып, 12,250 млн теңгені құрайтын 10 жоба қайтарымсыз грантқа ие болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: