Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақсуат ауылына газ желісі тартылады

13.01.2023, 15:55 199

HALYQLINE.KZ Қала көлемінде газ желісі тартылмаған елді мекендердің бірі Ақсуат ауылдық округі болатын. Бұл ауылдық округке 2022 жылы республикалық бюджеттен 4.4 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Аталған жобаны аяқтауға биыл 1 млрд 700 млн теңге бөлінді. Осылайша біз тағы бір елді мекенімізді көгілдір отынға қосатын боламыз.Газға қосылмаған тағы бірнеше ауыл бойынша нақтылы жобалар әзірленді. Биыл газдандыру жобасына Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай, Досан елді мекендері енді. Оған Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 662,7 млн. теңге бөлінді. Игілікті іс ақпан-наурыз айларында басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: