Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақпаратты бұрмалаудан кім зиян шегеді?

05.10.2023, 9:00 195

HALYQLINE.KZ

Елордадағы №38 мектеп-лицейдің оқушыларымен жүздесуде бір оқушы: «Ақшаға мақала, пост жазу дегенге қалай қарайсыздар? Өздеріңіз тапсырыспен мақала жазып, ақша алған кездеріңіз болды ма?» деген сұрақты төтесінен қойды. Тағы бір бала: «Мектеп бітіргенде журналист мамандығын таңдасақ, өкінбейміз бе?» деп сұрады. Екі сауалдың да астарына үңілік көрейік.

Дамыған елдерде маркировка, яғни таңба қою мәселесі шешіліп қойған. Жазған постыңыз тапсырыспен жазылса, «ақылы» деп белгі қоясыз. Оны желіден көрген қолданушының оқуға немесе оқымауға еркі бар. Жуырда «Масс медиа туралы» заң жобасына қатысты жиында медиа заңгер Ольга Диденко барлық БАҚ-тар жарнамаға және ақылы контентке таңба қою мәселесін көтерді. «Қазір жарнамалық материалдар редакциялық контент не жаңалық түрінде шығатын жағдайлар өте көп. Бұл оқырманды адастырады және БАҚ-тарға деген сенім деңгейін төмендетеді» деді ол. Мұндай ұсыныс заң жобасында жоқ болып шықты.

Қазір әлеуметтік желілерде жағымды да, жағымсыз да посттар көп. Тіпті, олардың қайсысы жағымды я болмаса жағымсыз екенін айыра да алмай қаласың. Бұл жердегі бір қауіпті нәрсе – әлеужелідегі жұрт оқырманы көп блогерлерге имандай сенеді. Қоғамға да қауіпті, адамға да зиянды жағы осы. Ақпаратты тұтынушы қарапайым адамдар жазылған нәрсенің бәрін шындық деп қабылдайды. Ал біз кімнің, не жазғанын біліп отырамыз. Манипулация деген сөз бар ғой. Ақпаратты бұрмалаудан адамдардың, тіпті мемлекеттердің зиян шегетін кездері бар.

Айтпақшы, «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты сараптамалық мақаланы «Халық» газетінің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.

Ал әріптесім Арай Сүгірбайдың «Ақылы пост жазу қанша тұрады?» деген сараптамасын мына сілтемеден көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=QYgJ6aJXv-0

Төлен  ТІЛЕУБАЙ,

әлеуметтік  ғылымдар  магистрі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: