Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматы облысында АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті

22.08.2023, 14:30 291

HALYQLINE.KZ

Тыңдауға Алматы қаласынан келген белсенділер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Белгілі саясаткер, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, елімізде АЭС салуға ешқандай тапшылық жоқ. Оны Ресейдің өтініші бойынша салмақшы.

– АЭС тек Үлкен ауылының ғана емес, тұтас еліміздің халқына қатысты мәселе. Айтыс-тартыс көп болайын деп тұр. Себебі, мұнда мүдделердің тартысы басым. АЭС салынса, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы оңала бастайды. Оны түсініп отырмыз. Ал, тұтастай ел бойынша аумақты алсақ, негізінен АЭС салуға қарсылар көп. Біз оны өз зерттеуімізде байқадық. Қазір «көпшілік жеңе ме, азшылық жеңе ме?» деген сұрақ тұр. Егер азшылық жеңсе, онда бұл үлкен дауға ұласады. Сондықтан, бұл мәселе Үлкен ауылында емес, бүкілхалықтық әділетті референдум арқылы шешілуі керек. Тұрғындарға үгіт-насихат жүргізіп, қолдаушыларды дайындап қойған. Біз пайдасынан зияны көп атом электр стансасын салуға қарсымыз, – деді ол.

Рысбек Сәрсенбайұлы АЭС салу мәселесінде президент халықпен санасу керектігі жөнінде сөз сөйлегенін жеткізді.

     – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ қазір кімнің меншігінде? Күні кеше уран өндіретін кеніштерді кім иеленді? «Росатомпром» қожалығына өтті. АЭС пайдаланатын шикізат, электр қуатын өндіру солардың қолына көшті. Олай болса, оның пайдасын да өздері көреді.   Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салуда қажет болатын болса референдум өткіземіз деген. Ал, вице-министр Жандос Нұрмағамбетов референдум керек емес деп отыр. Сонда, бізді кім басқарып отыр? – деді ол.

 Энергетика министрлігі атом өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Дәуітқызы  АЭС-ті қалайда саламыз деген сеніммен сөйледі. Бірақ оның келтіретін залалы, экономикалық тиімділігі егжей-тегжейлі есептелмегенін айтты.

         – Бүгін сіздермен Қазақстанда АЭС салуды талқылауға жиналып отырмыз. АЭС біріншіден, электр өндіретін станса. Біз елімізде электр тапшылығын болдырмау мақсатында АЭС салуды жоспарлап отырмыз. Зерттеулер нәтижесінде Үлкен ауылының аумағы таңдалды, – деді министрлік өкілі.

Мектептің акт залында өткізіліп жатқан жиында дені дұрыс микрофон табылмай, айқай-шуға ұласып, кейбір сөйленген сөздер естілмей, тыңдалмай қалды. Нәтижесінде модератор сөз соңында тұрғындарды кінәлап сөйледі. Сөз алған жергілікті тұғынның бірі АЭС салуды 40 жыл бойы күткенін жеткізді.

Энергетика министрлігінің жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретіндеАлматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалған. АЭС салуға төмендегі компаниялар үмітті:

– HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;

– APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;

– ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;

– EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: