Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алғашқы өнім базар сөрелерінде тұр

14.06.2023, 18:35 89

Тұрғынның бұл кәсібі ауданды жергілікті өніммен қамту саясатын ұстауда септігін тигізуде.

Осы жылға аудан бойынша 1500 гектар жерге егіс егу межеленген. Оның 87 гектары көкөніс, 342 гектары бау-бақша дақылдары. Биылғы жылы ауданымызда мал шаруашылығы мен қатар егін шаруашылығы да ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде дамып, егіс көлемі артып, тұрғындар мен жеке кәсіпкерлер ауданның азық-түлік оның ішінде бау-бақша, көкөніс өнімдерін сырттан тасымалдауды азайту мақсатында жемісті жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі күнге, Қосжар ауылдық округі бойынша жеке кәсіпкер Елтай Төреханов тамшылатып суару әдісі арқылы егілген 18 гектар құрайтын егіс алқабында 2 га жерге қияр, 1,5 га жерге қызанақ, 0,5 га жерге асқабақ, 4 га жерге қауын және 10 га жерге қарбыз егіп, қазіргі таңда диханшы күніне шамамен 100-150 кг қияр өнімін алуда. Ал, Сексеуіл кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Ахметжан Боханов 240 шаршы метрді құрайтын жылыжай жұмысын бастап, қазіргі таңда голландиялық қиярдың бірнеше сортының өнімдерін алып, тұтынуда.

Аталған азамат мемлекет тарапынан қолдау алып, «Қайтарымсыз грант» иесі атанған болатын. Бүгінде дихан жылыжай жұмыстарынан бөлек, отбасылық кәсіп негізінде 7 гектар жер жыртып, бау-бақша (қауын,қарбыз) дақылдарын орналастыры.

Шаруалар жергілікті кәсіпкерлер мен өңірдегі ірі, шағын дүкендерді нарық бағасынан төмен бағадағы қияр өнімімен қамтамасыз ету арқылы бағаның тұрақтылығына өз көмектерін тигізуде.

Бұл жасалып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жеке тұрғындарды төмен бағада азық-түлік, көкөніспен қамтып, аудандағы импортты азайтып, нарық бағасын тұрақтандыру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: