Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылды қорытындылау іс-шарасы ұйымдастырылды

30.12.2023, 9:48 97

Іс-шарада мекеменің бірқатар қызметкерлерін құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі жасалып, жыл үздіктері анықталды.
Іс-шараның алғы сөзі мекеме бастығы әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлына беріліп, мекеменің жедел бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Мақсұтов Сақтапберген Алыпбайұлын, мекеменің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі Аталыков Руслан Ғаниұлын, мекеменің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет майоры Абдикайров Жандос Өтегенұлын құрмет грамотасымен марапаттап, жұбайлары мен аналарына гүл шоқтарын табыстар, мекеме ұжымы атынан естелік сыйлық табыстады.
Сонымен қатар мекемеміздің бірқатар қызметкерлерінің ардақты аналарын «Офицердің анасы» төсбелгісімен марапаттады. Атап айтқанда, мекеменің Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор психологы Орынбаев Айбек Нұрғисаұлының әжесі Шегебаева Тынышкүл, мекеменің Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор психологы Орынбаев Айбек Нұрғисаұлының анасы Ідірісова Ғалия Махмудқызы, мекемеде 20 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан Сақтағанова Айман Дәуітбайқызын мерейлі 50-жасқа толған туған күнімен құттықтап, “Қорғаушының анасы” төсбелгісін табыстады.
Сондай-ақ, №5547 әскери бөлімінің бірқатар қызметкерлері мекеме бастығың марапатымен марапаттады.
Мерекелік шара жыл үздіктерін анықтайтын номинацияға ұласып, «Ең үздік жедел бөлімінің жедел уәкілі қызметкері» номинациясымен – мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны Ізбасар Медет Мұратұлы, «Ең үздік мекеме бастығының кезекші көмекшісі» номинациясымен – мекеменің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет капитаны Шакенов Талғант Шакенұлы, «Ең үздік еңбекқор қызметкер» номинациясымен – Мекеменің қаржымен қамтамсыз ету қызметінің бас есепшісі Каипова Айгүл Уалиханқызы, «Ең үздік жасақ бастығы» номинациясымен – Сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыс бойынша бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Дүйсенбай Бердібек Алтынбайұлы, «Ең үздік статистикалық көрсеткішке қол жеткізген қызметкер» номинациясы – Мекеменің бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс тобының іс жүргізушісі Узакбаева Адина Жомартовна, «Ең үздік қызметкер» номинациясымен – Мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы Сұлтанова Алтынай Тұрсынбекқызы, «Ең үздік бөлім» номинациясымен – Мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімі марапатталады.
Іс-шара соңында мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы аға ұрпақ пен жас буынның қызметте айтулы үлес қосқанын мақтан тұтатынын айтып, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі істері үшін мекеменың әрбір қызметкеріне табыс тілеп, іс-шараны ән мен күйден жыр шашумен аяқтады

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: