Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жосалыда жеміс-жидектер дүкені ашылды

28.11.2022, 15:45 356

 HALYQLINE.KZ  Қандай да бір өрге басар істің артынан сабақтастық пен үйлесімділікті көруге болады десек, қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді. Жан-жақты қолдаудың, кәсіпкерлікті дамытуға арналған түрлі бағдарламалардың нәтижесінде аудан орталығымен қатар кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандары да көбеюде. Осы ретте бүгін Қармақшы ауданы әкімі Әділбек Ерсұлтановтың қатысуымен Жосалы кенті орталығында жаңадан «Адина» жеміс-жидек сауда дүкені ашылды.

Салтанатты рәсімде сөз алған аудан әкімі жаңа сауда үйі тауар түрлерін қолжетімді баға мен сатып қашанда тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Бүгінде «Адина» сауда үйінің егесі, жеке кәсіпкерТоқсанбаева Нағима Тиышбекқызы өз қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар қосымша кәсіп ретінде жеміс-жидектер дүкенін ашып отыр.

Бұл деп отырғанымыз ауданымызда жұмыссыз азаматтардың да саны кеміп, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деген сөз. Қазіргі уақытта ауданымыз бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4032 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,6 пайызды құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: