Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

04.01.2024, 15:45 133

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Ресми ақпараттарға сай, шенеунік өңірдегі кәсіпкерлерден 14 миллион теңге пара алу бойынша күдікке ілінген. Ақшаны мемлекеттік сатып алу шартын жасауға, орындалған жұмыстың құжаттарына қол қоюға және кәсіпкерлерге жәрдемдесу үшін алуы мүмкін. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

  • Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі – деп хабарлады ведомства өкілдері. Ә

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: