Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жемісті жоба жалғасуда

06.01.2024, 21:05 111

Өткен жылы Қызылорда облысы әкімінің бастамасымен қолға алынған көпқабатты үйлердің қасбеттерін панельдермен қаптау жұмыстары биыл да жалғасуда. Игілікті іске облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, көпқабатты 16 тұрғын үйдің қасбетін жаңалау жүргізілуде.

Қала әкімі Асылбек Шаменов қаптау жұмыстарының жүруін көру мақсатында А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы №40 үйге барды. Бұл үйдің қасбетін «Даренстрой» ЖШС жөндеуде.

Шаһар басшысы компания басшыларына қажетті құрылыс материалдарының жеткілікті алынуына және оның сапасы жоғары болуына мән беру керектігін айтып, қаптау жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, мердігердің халық алдында жауапты екендігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: