Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түзеу мекемесінің қызметкерлері жалғыз басты ананы құттықтады

30.12.2023, 9:40 129

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы мен мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Алтынбек Гүлмира және бөлім қызметкерлері көпбалалы жалғыз басты ананы келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтап, балаларына мерекелік тәттілер сыйлады.
Мекеме ұжымының бұл сыйына риза болған көпбалады ана өз алғысын білдірді:
Мереке қарсаңында балаларыма көңіл-күй сыйлаған №60 мекеме бастығы мен ұжымына алғысымды білдіремін. Көпбалалы ана болғандықтан бір өзіме балаларымның барлығына сыйлық алу қиынға соғады. Балапандарымның жүзіне күлкі ұялатқандарыңыз үшін ризамын. Жаңа жыл сіздердің де шаңырақтарыңызға мол қуаныш ала келсін”,-деді жалғыз басты ана.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: