Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда-Құмкөл» автожолы кеңейтіледі

06.01.2024, 20:50 113

Бұған дейін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының теңгерімінде болған «Қызылорда-Құмкөл» автожолы қаланың еншісіне өткені белгілі. Осыған орай, аймақ басшысының бастамасымен, демеушілердің көмегімен үлкен жолды қайта жаңғыртуға арнайы жоба әзірленуде.

Аспалы көпірден бастап, Жезқазған трассасына дейінгі аралығы 11 шақырымды құрайтын жолды қайта жаңғырту жобасы жақын күндері басталады. Құны 2,4 млрд теңгені құрайтын жол 4 жолақтыға айналады. Сонымен бірге, «Бәйтерек» тұрғын ауданымен шектесетін көше қиылыстары, аспалы көпір де жаңаланады.
Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы жобалаушы компанияға бұл жолдың халық үшін маңыздылығын ескеріп, жобалау барысында кемшіліктерге жол бермеуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: