Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қуаныш көбейсе, құт келеді

04.05.2022, 16:40 344

Қазақта «Қос тойың қабат келсін» демекші, бүгін Жаңақорған төрінде үлкен қуаныш. Жылдағы дәстүрінен жаңылмаған «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының еріктілері биыл бір емес, екі баспанаға шын мұқтаж шаңырақты шаттыққа бөледі. Қасиетті Ораза айттың соңғы күніне сәйкес келген жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов арнайы қатысты. Мерейлі сәтте құттықтау сөзін сөйлеп, ақжарма лебізін білдірді. Ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы елдің атынан ерікті жастарға алғысын айтты.

Қос үйдің бірі «МАИ бекеті» аумағында болса, екінші баспана орталық стадион маңында. Осындай сауапты істерге мұрындық болып, қолынан келгенше қазағына қамқор бола білген жастарға жаңақорғандықтар риза. Алла жастардың бірлігін одан сайын бекемдеп, әр қызметіне молынан сауап жазсын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: