Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақтың саны қанша?

30.03.2023, 11:40 143

Кез келген мемлекеттің ішкі-сыртқы дамуы тіке­лей халық санының өсімімен байланысты. Сондықтан барлық ел халық санының артқандығын, не болмаса кемігендігін басты назарда ұстап отырады. Қазақ халқы да қай заманда «бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деп, дүниеге келген баланың өз несібесі бар деп санаған. Сарапшылардың сөзіне сенсек, қазақ халқы жас ұлтқа жатады екен. Халықтың  өсімі  де  тікелей  жаңа  лекпен  тығыз  байланысты.

Хош, апта басында әлеуметтік желіде ҚР Статистика комитетінің 2023  жылғы  ақпан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстан хал­қының  жалпы  саны 19 млн 810 мың болғаны туралы ақпарат жария­ланды. Қуанарлығы сол, қазақ ұлтының үлес салмағы 70,6%-ға жетіпті. Оны  еліміздің  әр  өңірі  бойынша  жіктесек:

1) Түркістан облысы 2 418 000, оның 75,4%-ы –  қазақ.

2) Алматы облысы 1 500 700, оның 72%-ы –  қазақ.

3) Жамбыл облысы 1 220 500, оның 73%-ы –  қазақ.

4) Қарағанды облысы 1 130 300, оның 53%-ы –  қазақ.

5) Ақтөбе облысы 730 800, оның 85%-ы – қазақ.

6) Қостанай облысы 855 300, оның 45%-ы –  қазақ.

7) Қызылорда облысы 835 200, оның 96,8%-ы –  қазақ.

8) Маңғыстау облысы 805 500, оның 94%-ы –  қазақ.

9) Павлодар облысы 755 000, оның 56%-ы –  қазақ.

10) Ақмола облысы 730 200, оның 56 %-ы –  қазақ.

11) Шығыс Қазақстан облысы 705 100, оның 60,2%-ы – қазақ.

12) Атырау облысы 705 200, оның 94%-ы –  қазақ.

13) Батыс Қазақстан облысы 675 300, оның     81%-ы – қазақ.

14) Жетісу облысы 660 100, оның 72%-ы – қазақ.

15) Абай облысы 630 200, оның 73%-ы – қазақ.

16) Солтүстік Қазақстан облысы 535 100, оның  39%-ы – қазақ.

17) Ұлытау облысы 223 900, оның 75%-ы – қазақ.

18) Алматы қаласы 2 200 700, оның 68%-ы – қазақ.

19) Астана қаласы 1 360 000, оның 82%-ы – қазақ.

20) Шымкент қаласы 1 200 000, оның 73%-ы –  қазақ.

Сөйлеген сандардан байқағандарыңыздай, Сыр  өңірінде  халық­тың  саны  835200  адам  болса,  еліміз  бойынша қазақы  облыс екеніміз  анық  аңғарылды. Көз тимесін, Қызылордада 96,8 пайыз қазақ  тұрады.

Н.КЕНЖЕТАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: