Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы: 10 нысан пайдалануға берілді

16.03.2021, 9:00 744

HALYQLINE.KZ Бүгінде Қазалы ауданында құрылыс қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде 2,9 млрд теңгеге 15 нысанның құрылысы жүргізіліп, 10-ы пайдалануға берілді.

Атап айтсақ, аудандық әкімшілік ғимараты, Ақсуат ауылындағы балабақша мен клуб, Қазалы қаласынан көлемі 81 гектар жер учаскесіне жол салу, 18 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысы, «Аймақаш» тұрғын ауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, Ғ.Мұратбаевқа газ тарту, Бекарыстан би ауылындағы тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желілерін жүргізу, Әйтеке би кентінде көліктік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету, Әйтеке би кентінен 1 қабатты 4 пәтерлік 10 тұрғын үй құрылысы.

– Әрине, халық үшін баспана өте маңызды. Биыл жалға берілетін үйлерді сатып алуға 294 млн теңге қаржы бөлдік. Бұған көлемі 60 шаршы метрден кем болмайтын 35 тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырмыз, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев.

Қазір ауданда 600 орындық мәдениет үйі, ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Қазалы қаласын газдандыру және Жанқожа батыр мен Майдакөл елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге сервистік ауызсу желілерін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы биыл аяқталады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: