Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда жаңа ойын алаңдары пайдалануға берілді

22.10.2022, 11:55 147

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қармақшы ауданында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Жосалы кенті Ыбрагім Қасымов және Тайшық би көшелерінде жаңадан салынған спорт ойын алаңдарының ашылу салтанаты өтті.

Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов жаңадан бой көтерген спорт алаңдарының ашылуына арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

– Сыр елінде Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Балалар жылына» тарту ретінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қала, ауданда демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд теңгені құрайтын бір мезетте 80 спорт ойын алаңы ел игілігіне берілуде.

Соның ішінде Қармақшы ауданы бойынша биылғы жылы құны 100 млн теңгеден асатын 8 ойын алаңы салынуда. Бүгінгі күні ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары аяқталып, Ұлттық мереке қарсаңында аудан тұрғындарына пайдалануға беріліп отыр.

Бұл шағын спорт алаңдары жас спортшылар мен аудан тұрғындарына керемет тарту, жаңа бастама деп білемін. Осы жерден болашақ спортшылар мен ел абыройын асқақтататын дарабоздар шығады деп сенеміз. Себебі балаға құйылған инвестиция ел болашағының жарқын кепілі болмақ, – деді аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов.

Балалар жылына орай пайдалануға берілген қос нысанның ашылу салтанатында тұрғындар да сөз сөйлеп, игілікті іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: