Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірдің тұрақтандыру қорында қанша өнім бар?

25.08.2022, 17:20 303

HALYQLINE.KZ Бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын нарық бағасынан төмен бағада ұсынып отырған сауда орындарын қала тұрғындарының назарына жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз туры ұйымдастырылды.

Баспасөз туры барысында «Алтын қамба» АӨК» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасына, әлеуметтік дүкендерге шолу жасалды. Бүгінгі күні өңірдің тұрақтандыру қорында 800 тоннаға жуық өнім қоры бар. Барлық әлеуметтік дүкендерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда. Атап айтқанда, нан 55 теңгеден, қант 444 теңгеден, өсімдік майы 630 теңгеден, картоп 130 теңгеден, сәбіз 130 теңгеден, басты пияз 100 теңгеден, қырыққабат 95 теңгеден, 1 сортты ұн 135 теңгеден, қарақұмық жармасы 514 теңгеден, күріш 175 теңгеден, макарон 200 теңгеден, сиыр еті 1700 теңгеден, тауық еті (окорочка) 785 теңгеден, жұмыртқа 29 теңгеден, сүт 280 теңгеден, айран 225 теңгеден, сүзбе 1283 теңгеден, сары май 2504 теңгеден және тұз 40 теңгеден сатылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: