Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста тұтынушылар құқығының бұзылу дерегі кездеседі

01.08.2022, 16:30 191

HALYQLINE.KZ Биыл облыста тұтынушылар құқығының бұзылу дерегі бойынша 159 өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,5 пайызға өскен. Түскен арыздардың басым көпшілігі – бөлшек сауда саласына қатысты екені анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

– Бірінші жартыжылдықта келіп түскен арыздарға талдау жүргізілген болатын. Нәтижесінде бөлшек сауда саласына қатысты – 91 өтініш, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері бойынша – 28, электрондық сауда – 13, қоғамдық тамақтану бойынша – 5, қаржы қызметі бойынша – 3 және де басқа салалар. Аталған өтініштердің 108-і заңға сәйкес қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Ал 28 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Жалпы жыл басынан бері тұтынушыларға барлығы – 1,2 млн теңгенің қаржысы қайтарылды. Сондай – ақ, тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған кейбір заңнамалық актілерге, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әзірге бұл заң жобасы уәкілетті органмен қаралып, мүдделі мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар арқылы талдануда, – деді департамент басшысы Ерқасым Сүлейменов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: