Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүгедектігі бар жұмыссыз қыз-келіншектерді қолдаудың маңызы зор

23.06.2023, 15:55 181

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік гранты аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысы негізінде «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі «Қызылорда өңіріндегі мүгедектігі бар жұмыссыз қыз-келіншектерді психологиялық қолдау, кәсіпке бейімдеу мен бағдарлау арқылы қоғамға даярлау» жобасы бойынша осы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жүргізуде.

ҚР Конституциясында бекітілген мүгедектігі бар адамдар үшін маңызды құқықтардың бірі жұмысқа орналасу құқығы болып табылады делінген. ​ Ал, статистикаға жүгінсек, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 696,8 мың мүгедектігі бар адам бар екен, ал бұл көрсеткіш 2011 жылдан бері қарай ​ 23,7%-ға өскенін көрсетіп тұр. ​ Мүгедектігі бар адамдардың 60% – дан​ астамы (бұл 419,0 мың адам) еңбек етуге болатын, яғни ​ қабілетті жаста. Сонымен жұмыспен қамту деңгейі 24,8%-ды​ құрады дейді ​ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшысы​ Дина Бектілеева.

Ол сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылуын тежейтін факторлардың бірі-оларды кәсіптік бағдарлау проблемасы екенін​ атап өткен.​

Қызылорда өңірінде 01.01.2023 жылға барлығы 32001 мүгедектігі бар адамдар есепте тұрады. Оның ішінде ересектер 26040 болса, балалар 5961 болып отыр. Ер кісілер – 18850, ал әйел жынысы 13651 құрап отыр.
Жобаға қатысушылар Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығында есепте тұратын қыз-келіншектердің арасынан алынды. Оларды кәсіпке оқыту, үйрету арқылы 2023 жылға арналған «Бастау», «Стартап» мемлекеттік бағдарламаларына даярлау және өз бизнесін ашуға қолдау көрсету жұмыстары да осы жоба аясында атқарылады.

Осыған орай, ​ қазіргі таңда біздің зерттеуімізше бұл бағдарламаларға мүгедектігі бар қыз-келіншектердің бәрі бірдей қатыса алмайтыны анықталды. ​ Сондықтан да​ Қызылорда өңіріндегі жобаға қатысушылардан ​ сұхбат алынып, ​ сауалнама арқылы қандай мамандыққа ден қоятыны анықталып, ​ кәсіптерін таңдау құқығын қорғау​ арқылы қалыптастырған оқыту курстары жүргізіліп отыр. ​ ​

Үкіметтің 2021 жылы әзірлеген​ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен мамандықтардың атласында»​ 16 мыңнан астам ұсынылған мамандық бар екен, олардың 7 мыңы бірегей болып табылады. Бұл – кешегі онлайн режиміне ауысуға байланысты жаңа серпін алған оқыту және жаттықтырушы сияқты бұрыннан қалыптасқан мамандықтар және интернет арқылы сату, SMM және жүйелік басқару және т.б. сияқты жаңа мамандықтар. 

​ Ал «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі аталған жоба арқылы екі түрлі мамандыққа кәсіпке оқыту курсын бастап кетті. Курс екі айға жоспарланған, нәтижесінде курс бітірген қыз келіншектерге жұмысқа орналасу мүмкіншілігі беріледі деп күтеміз. Сонымен қатар, заңгердің қызметі де ұйымдастырылған, яғни қандай да заі мен құқыққа байланысты сұрақтарға кеғестер алуға болады. Барлық ақпараттар әлеуметтік желіде жарияланып отырады. Жоба уақыты алты айға жоспарланған. Жоба қатысушыларының ішінен кәсіп меңгеру арқылы жақсы табысқа жеткен 5 қыз-келіншектің табыс тарихы туралы ақпарат пен видеоролик жарияланады. ​ Көрсетілімдерді, пікірлерді жинастыру арқылы көпшілікті ақпараттандыру жұмысы жүргізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: