Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Газ бағасы қымбаттайды

26.06.2023, 14:50 200

HALYQLINE.KZ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап сұйытылған газдың 1 литрінің бағасы қанша теңгеге өсетінін жариялады.
Агенттіктің түсіндіруінше, сұйытылған мұнай-газға көтерме бағаның 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20 пайызға) артуына байланысты 1 литр газ бағасы 4 теңгеге артса, темір жол тасымалын  талап ететін өңірлерде бөлшек сауда бағасына тағы 2 теңге қосылады.

Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Ақтөбе облысы – 54 теңге;
Атырау облысы – 54 теңге;
Ақмола облысы – 76 теңге;
Алматы облысы – 81 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан облысы – 64 теңге;
Қостанай облысы – 76 теңге;
Қызылорда облысы – 64 теңге;
Қарағанды облысы – 76 теңге;
Маңғыстау облысы – 54 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Түркістан облысы – 64 теңге;
Абай облысы – 76 теңге;
Жетісу облысы – 76 теңге;
Ұлытау облысы – 76 тенге.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 12 шілдеге дейін.

Informburo.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: