Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гауһар депутат: Әр балаға айына 70 мың теңге төленсін

14.04.2023, 15:09 442

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Гауһар Шәймерденқызы Танашеваның  ойынша, мемлекет балаларға бөлінетін жәрдемақы мөлшерін өте аз мөлшерде, ақылға қонымсыз мөлшерде төлеп отыр. Мұны мәжіліс отырысында Қазақстан халық партиясы депутаттары атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары  Алтай Көлгінов Сейдірұлына арналған депутаттық сауалында мәлімдеді.

Нalyqline.kz тілшісі Шәймерденқызының депуаттық сауалын назарларыңызға ұсынады.

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясатың негізгі бағыттары: көп балалы аналарды, толық емес отбасында бала тәрбиелеп отырған аналарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған  аналарды қолдау болып табылады.   

Осындай отбасылар деңгейін көтермейінше біз мынандай жағымсыз салдарға тап боламыз:

  • бала туу көрсеткішінің төмендеуі;
  • ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасулар санының ұлғаюы;
  • болашақта еңбек ресурсы тапшылығының туындауы;
  • қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуі;
  • кедейліктің өсуі

Көп балалы отбасының басым бөлігі көбінесе жалға берілген бөлмелерде тұрады. Егер ипотека рәсімдеу мүмкіндігі болса, әдетте құрылыс сапасы төмен, эконом санаттағы бір бөлмелі пәтер ала алады. Олар үшін мемлекеттік тегін тұрғын үймен қамтамазыз ету тәжірибесі жоқ, ипотекалық несие берудің қолжетімді шарттары қарастырылмаған. Қомақты бастапқы жарна талап етіліп, жоғары пайыздық мөлшерінде  қойылады. Мұндай отбасылар мемлекеттің қандай қолдауына үміт артады?  

 Атаулы әлеуметтік көмекке ме?

Объективті түрде қарасақ, ол да нақты көмек деп санауға болмайды.

Атаулы әлеуметтік көмекке үміткер болу үшін жұмыс істемейтін аналар жүздеген сынақтан өтуі тиіс.

Қазақстан халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті  алып тастау қажет деп санайды. Бұл жағдайда балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде біріңғай жәрдемақы төленген дұыс.

Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды  қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 000 мың (екі жүз сексен мың) теңге, 2 балаға 140 000 теңге. Қазіргі уақытта 4 балаға 55 340 теңге жәрдемақы алады. Айына әр балаға санағанда – 13826 теңге бөлінеді. Бұл – әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыздық жағдай, тұрғын-үйдің жоқтығы және халықтың осы санаттағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген.

Жоғарыда айтылған халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясатын тұтастай алғанда халықтың осы санатының қажеттілігін қанағатттандырмайды.

Осы саладағы мемлекететтік мекемелер жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ АӘК және  18 жасқа дейінге біріңғай балалар жірдемақысын есептеу қарастыруды сұраймыз. Мемлекет басшының тапсырмаларының орындау  барысында қандай шұғыл шаралар жоспарланды және қолданысқа енгізілді?

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: