Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел өтініші (Асқар ақынның ізімен)

23.02.2023, 11:00 126

Басшы,

Маман,

Бауырлар!

Бәрімізде бауыр бар.

Көне пеш жағып отырған,

Қараөзек деген ауыл бар.

Емес со-на-у далада,

Өте  жақын  қалаға.

Іргесіне  газ  кеп  тұр,

Биыл да газсыз қала ма?!

Емеспіз бе мұнайлы ел,

Сыр бойында шұрайлы ел.

Қараөзек халқы өтініп,

Газ беруді сұрайды ел.

Бұрандасын құбырдың,

Бұрасаңдар бұрай бер…

«Көгілдір отын» қызуын,

Көрсе екен деймін былайғы ел…

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ,

Қазақстан  Журналистер  одағының  мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: