Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел болашағы

01.09.2023, 13:21 187

HALYQLINE.KZ 

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады.

Бүгінгі жолдауда президент бірқатар ауқымды жоспарлармен міндеттерді тізбектеді. Мемлекет басшысы өз жолдауында орта бизнес, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп жәнеде бірқатар салаларға жаңа серпілістер қажет екенін жеткізді. Сондай ақ, Президент еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалып, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатын болады деді.

» Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді» деді мемлекет басшысы өз сөзінде. Жалпы алғанда, бүгінгі жолдау елдің алға қарай дамуына тың серпіліс беретін мақсаты айқын жоспарларға толы жолдау болды деп санаймыз.

Осы жоспарларды елдің барша азаматтары болып орындасақ, мемлекетіміздің дамуына өз септігімізді тигізетініміз айдан анық.

Ержан САБЫРБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: